Басты бетке оралу

Сұрақтар мен байланыс

Олимпиадаға тіркелу, қатысу және нәтижелер туралы жиі қойылатын сұрақтар. Жауап таппасаңыз — бізге хабарласыңыз.

Байланыс

Хат жазғанда ID-іңізді, оқушының тегі мен атын және олимпиада атауын көрсетіңіз — сонда жауап тезірек болады.

Телефон 8-7172-57-65-60 Электрондық пошта it@daryn.kz
Байланыс орталығының жұмыс уақыты Дүйсенбі — Жұма, 9:00 – 12:00

Жиі қойылатын сұрақтар

Тіркелу және жеке кабинет

Тіркелдім, бірақ «Сіздің іс-шараларыңыз» тізімі бос
Аккаунтты тіркеу мен нақты олимпиадаға қатысуды растау — бөлек қадамдар. Тізімге тек «Қатысуды растау» батырмасын басқан олимпиадалар ғана түседі.
Тегім немесе атым қате жазылған
Сертификатқа жеке кабинетте көрсетілген тегі мен аты жазылады. Қате болса, жоғарыдағы байланыс арқылы жазыңыз — хатта ID-іңізді және дұрыс тегі мен атын көрсетіңіз.
ID-ді қайдан табамын?
ID жеке кабинетте, «Сіздің жеке деректеріңіз» бөлімінде көрсетілген. Бізге хабарласқанда әрқашан ID-іңізді жазыңыз.

Олимпиадаға қатысу

Қатысуды қалай растаймын?
Жеке кабинетте «Сіз төмендегі іс-шараларға қосыла аласыз» бөлімінде олимпиаданың жанындағы «Қатысуды растау» батырмасын басыңыз. Ақылы олимпиадада батырма төлем бетіне апарады.
Тестке қашан және қалай кіремін?
Олимпиада басталғанда жеке кабинеттегі «Сіздің іс-шараларыңыз» кестесінде «Бастау» батырмасы пайда болады. Өткізу күндері мен уақыты сол кестеде, «Прогресс» бағанында көрсетілген.
Олимпиада тізімде көрінбейді
Олимпиада тек белгілі бір сыныптарға арналған болуы мүмкін. Жеке кабинетте сыныбыңыз дұрыс көрсетілгенін тексеріңіз.

Нәтижелер мен сертификаттар

Нәтижені қайдан көремін?
Нәтижелер жарияланғаннан кейін «Сіздің іс-шараларыңыз» кестесінде «Нәтижені көру» батырмасы шығады. Ол арқылы сертификатты ашып, жүктеп алуға болады.
«Сіз тестілеуге қатысқан жоқсыз» деп тұр
Бұл жүйеде сіздің тест жауаптарыңыз тіркелмегенін білдіреді. Тестті тапсырдым деп ойласаңыз, ID-іңізді және олимпиада атауын көрсетіп, бізге жазыңыз.